"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білгірлер арасындағы «Қазақстан эрудиті» байқауының жеңімпаздары анықталды

20.12.2020

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстан эрудиті» облыстық зияткерлік-танымдық онлайн байқауын өткізді.

Танымдық додаға Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларынан (Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын, Жақсы, Жарқайын, Шортанды, Сандықтау, Целиноград, Көкшетау қаласы) Абай атындағы №3 ДБАОММИ, Степногорск қаласы №4 «Болашақ» ДБАОММИ-ден 20 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты – танымдық-зияткерлік байқау жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында зияткерлік қозғалысты дамыту, патриотизмді тәрбиелеу, өз Отанының тарихы жайлы білімдерін кеңейту, облыстық жалпы білім беретін мектептердегі үздік оқушыларды анықтау.

Байқау үш кезеңде өткізілді. «Суреттер құпиясы» деп аталатын бірінші кезеңде қатысушыларға берілген бірнеше суреттің логикалық байланысын анықтау шарты қойылды. «Танымдық мозаика» деп аталатын екінші айналымда Қазақстанның танымал тұлғалары, көрікті жерлері, ескерткіштері туралы қатысушылардың білімі тексерілді. «Қызықты Quiz» атты үшінші кезеңде қатысушылар Quizizz.com ғаламтор платформасында 5 пәннен 25 тест сұрағына жауап берді.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады:

Идрисов Рашид Ашкенович – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КЕАҚ-ның Жалпы тарих және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі;

Абиева Камиля Койшибайкызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі;

Жакенова Айжан Турлыбековна – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КЕАҚ-ның География, экология және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Утекул Ақнұр – Бұланды ауданы, Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі;

2 орын – Қарабайұлы Арсен – Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» ДБАОММИ;

3 орын – Логвиненко Тамара – Астрахан ауданы, Новочерканск ОМ;

3 орын – Кабдуллин Мадияр – Бурабай ауданы, №9 мектеп-гимназиясы.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен және бағалы сыйлығымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін грамоталар табысталады.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст