Текст
Жазғы математика мектебінде 5–6 сынып оқушылары білімдерін тереңдетіп, бұрынғы өткен тақырыптарды бекіту жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті сабақта 5-сынып оқушылары «Масштаб» тақырыбы бойынша есептер шығаруды қайталап, практикалық тапсырмаларды ауызша және жазбаша түрде орындады.
6-сынып оқушылары «Сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбымен жұмыс істеп, ойлау, талдау және түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу дағдыларын жетілдірді.
📘 Математика пәнінің мұғалімі: Шаншарова А.А.