Текст
Жазғы математика мектебінде сабақтар жалғасуда. 5 және 6-сынып оқушылары оқу жылындағы негізгі тақырыптарды қайталап, математикалық дағдыларын дамытуды жалғастыруда.
5-сынып оқушылары «Көптік ұғымы» және теңдеулерді шешу тақырыптары бойынша жұмыс жасап, базалық түсініктер мен дағдыларын бекітті.
6-сынып оқушылары «Түзулердің параллельдігі» және «Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы» тақырыптарын қайталап, теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады.
Сабақ жұмыс атмосферасында өтті. Оқушылар белсенді қатысып, тапсырмаларды сәтті орындады.
Математика пәні мұғалімі: Шаншарова А.А.