Текст
5–6-сынып оқушыларына арналған жазғы математика мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Оқушылар белсенді түрде қатысып, өткен тақырыптарды қайталап, математикалық ойлау қабілеттерін дамытып жатыр.
Сабақта оқушылар бірлескен жұмысқа арналған есептерді ауызша және жазбаша түрде қайталап шешті.
6-сынып оқушылары «Сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбын да қайталап, талдау және логикалық ойлау дағдыларын шыңдады.
Сабақ жұмысқа бейім және достық атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік танытып, талқылауға қатысып, тапсырмаларды сәтті орындады.
Математика пәнінің мұғалімі: Шаншарова А.А.