2020 жылғы 11 желтоқсанында 4-9 сынып оқушылары үшін қашықтық форматында халықаралық Олимпиада өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – РФ, Самара қ.о. «Преодоление» мектеп-интернаты.
Іс-шараның мақсаты - білім алушыларды зерттеушілік және шығармашылық қызметке тарту, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылар мен педагогтердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін іске асыру, педагогикалық қызмет саласындағы байланыстарды кеңейту, экологиялық жауапкершілікті дамыту және білім беру процесінің барлық қатысушыларында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Олимпиадаға Ақмола облысы мектептерінің оқушылары қатысты. Көкшетау қаласының № 19 ОМ-нен 5 оқушы, №4 АМИ-нан 13 оқушы, Атбасар ауданының Сергеев орта мектебінен 1 оқушы, Зеренді ауданының Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебінен 6 оқушы қатысты.
Олимпиада тақырыбына келесі тапсырмалар енгізілген: жауап таңдаумен 5 жалпы сұрақ; жауап таңдаумен 5 бағдарламалық тапсырма (математика, физика, химия, биология, география, дене шынықтыру, технология, ОБЖ, қатысушылардың жасына сәйкес қаржылық сауаттылық); жауап таңдаумен тапқырлыққа 5 тапсырма; ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, кодталған тапсырмалар.
Қашықтықтан жүргізілетін жұмыстарды бағалау 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін жүргізіледі. Олимпиада нәтижелерінің жиынтық ведомосы Самара қаласының "Преодоление" мектеп-интернатының сайтында preodol.ru келесі жылдың бірінші ақпанына дейін жарияланады.
Оқушыларымызға жақсы нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз.