2020 жылдың 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми орталығы ұлы ғалым әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында оқушылар арасында әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурсы өткізілді. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс онлайн режимде өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан 263 оқушы қатысты.
Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту болып табылады. Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, яғни Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты. Конкурс 7 секция бойынша қашықтықтан өткізілді, олар: физика, жер және ғарыш туралы ғылымдар, математика, информатика, биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау секциялары.
Конкурстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен математика секциясы бойынша Кажина Аяжан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11 сынып оқушысы, биология секциясы бойынша Кендирбаева Асылтас – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11 сынып оқушысы, химия секциясы бойынша Жанабек Аян - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы марапатталды.
III дәрежелі дипломмен физика секциясы бойынша Рахметова Наргиз – Нұр – Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, биология секциясы бойынша Зарапова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының 11 сынып оқушысы марапатталды. Грамотамен жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы бойынша Данияр Ерсұлтан - Нұр – Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 9 сынып оқушысы марапатталды.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта талай биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!!!