Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың экологиялық санасын дамыту, мәдениетті тәрбиелеу қажеттілігі туралы үндеуі аясында, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бұйрығын орындау үшін 7-12 сынып оқушыларына арналған «Ecostan-ға саяхат» республикалық экологиялық конкурсы өткізілді.
Конкурстың басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеттерін насихаттау, табиғатқа қатысты белсенді адамгершілік позициясын қалыптастыру, яғни мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:
1-бағыт: ең үздік натуралистік фоторепортаж (Халықтың назарын табиғатты құрметтеуге, қоршаған әлемді және өсімдіктер мен жануарларды танып білуге аударуға бағытталған тақырыптарда фотосерия).
2-бағыт: ең үздік экологиялық бейнебаян (Экология тақырыбына арналған, өз аймағының, туған жерінің қоршаған орта проблемалары туралы қысқаша бейнефильм).
Конкурстың республикалық кезеңіне әр өңірден 200-ден астам оқушы қатысты, Ақмола облысынан - 12 оқушы. Қатысушылар шығармашылық тәсілді қолданды, өз күштерімен жасалған фото және видео жұмыстар көзге ұнамды, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды және басқаларға жақсы үлгі болады.
Конкурс нәтижесі бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:
«Менің кіші Отанымның жабайы табиғаты» номинациясы бойынша Есмағулова Азия - Бұланды ауданы, Отрадное орта мектебіінің 8 сынып оқушысы;
«Ғаламшарға өмір сыйла» номинациясы бойынша Грасмик Диана - Сандықтау ауданы, Каменка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
«Адам және жануарлар әлемі: келісім мен үйлесімдегі өмір» номинациясы бойынша Кошкенова Томирис - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.
Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:
«Менің кіші Отанымның жабайы табиғаты» номинациясы бойынша Самарханұлы Мұстафа - Степногорск қаласы, Изобильный ауылының орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
«Мені қоршаған әлем» номинациясы бойынша Йылал Назгуль - Аршалы ауданы, Волгодон орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
«Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема» номинациясы бойынша Дыль Дарья - Сандықтау ауданы, Байдалы Уразалин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема» номинациясы бойынша Қайырбек Дәурен - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
«Адам және жануарлар әлемі: келісім мен үйлесімдегі өмір» номинациясы бойынша Цындря Александр - Целиноград ауданы, №33 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!