Әр мектепте балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілі сайланды. Бұл мектеп оқушылары мен колледж студенттері, олардың кандидатураларын әр білім беру ұйымының балалары ұсынды. Енді олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей өзара іс-қимыл жасайтын болады . Қазақстан бала құқықтарын қорғау бойынша өңірлік және халықаралық деңгейлерде көш бастап келеді . Дүниежүзілік балалар күні аясында балалар өкілдерінің алғашқы республикалық слеті ұйымдастырылды, онда балалардың өздері модераторлар болды. "Бізге балалармен тікелей жұмыс істеу , оларды қандай сұрақтар қызықтыратынын, қандай мәселелерді өз деңгейінде анықтайтынын білу және олардың өтініштеріне ден қою маңызды. Біздің елімізде белсенді азаматтық ұстанымы бар, өз пікірін батыл білдіре алатын және өз құрдастарының бастамаларын ілгерілете алатын балалар мен жасөспірімдер өте көп . Республикалық слетте балалар буллингке, кибербуллингке қарсы іс-қимыл, интернет желісіндегі мінез-құлық этикасы, экологиялық тәрбие, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға толерантты көзқарас мәселелеріне баса назар аударды.
Байзулгарипова Г. А.