"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші сынып оқушыларына жылдық бағалар қойылмайды

20.11.2020

Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық мекемелер оқушыларының үлгерімін бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

ҚР Білім және ғылым министрі 2020 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды <url>. zakon.kz.

Осылайша, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды жүргізу тәртібін көздейтін тарау толығымен алып тасталды.

Бұл ретте білім алушылардың оқу мақсаттарының жетістіктерін мониторингтеу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін қалыптастырушы бағалау, оның ішінде үй жұмысы жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

Атап өтілгендей, шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың оқу жетістіктері балдарды қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір баллдан 10 баллға дейін жүзеге асырылады.

Төртінші баға қалыптастырушы бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері негізінде 50% - дан 50% - ға пайыздық арақатынаста қойылады.

Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жарты жылдық үшін баға қалыптастырушы бағалау мен БЖБ нәтижелері бойынша қойылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында төртінші баға формативті бағалау, бір БЖБ және ТЖБ нәтижелері ескеріле отырып қойылады.

Сондай-ақ, 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды делінген. Бұған дейін бірінші сынып оқушылары жиынтық бағалау нәтижелері негізінде 3 және 4 тоқсан бойынша бағаланды.

Бұл ретте психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде немесе баланың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен келісу бойынша қайта оқу жылы ұсынылғандарды қоспағанда, 1-сынып оқушылары қайта оқу жылына қалдырылмайды.

 

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап (18 қараша) қолданысқа енгізіледі.

 

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст