"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмолалық педагог-психологтар республикадағы үздіктердің қатарына енді!

16.11.2020

«Жылдың үздік психологы» конкурсының IX республикалық кезеңін «Дарын» РҒПО қорытындады.

Облыстық «Үздік психолог» конкурсының жеңімпаздары 2020 жылғы 4-11 қараша аралығында өткен конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғады.

Конкурс талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткізілді. Жыл сайынғы «Дарын» РҒПО конкурсына 97 психолог қатысты, олардың 39-ы үздіктер қатарына кірді. Ақмола облысын Степногорск қаласының, Бурабай, Атбасар, Ақкөл, Аршалы, Жарқайың аудандарының педагог – психологтары абыроймен таныстырды. Конкурс нәтижелері бойынша облыстардың рейтингінде Ақмола облысы құрметті II орынға ие болды. Педагог-психологтар әрқайсысы өз санатында лайықты өнер көрсетті: I санат – жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі психологтар; II санат-жұмыс өтілі 3-7 жылдан асатын психологтар; III санат-жұмыс өтілі 7 жылдан асатын психологтар және келесі нәтижелерге қол жеткізді:

I дәрежелі Диплом - (I санат) Манатов Аслан Айтжанович, Жарқайың ауданы Гастелло орта мектебінің педагог – психологы; «Креативті психолог» номинациясы (II санат) Бейсенова Сандигуль Оразовна, Ақкөл ауданы №2 ОМ педагог – психологы; «Кәсіби шеберлік» номинациясы (III санат) Поляковская Елена Ивановна, Атбасар ауданы Борисов орта мектебінің педагог – психологы. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст