Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев мектептегі білім берудің мазмұндық жағына назар аударды. Сонымен қатар, «Жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Кітап арқылы оқуға, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылық мектеп қабырғасынан бастап балалардың бойында қалыптасуы тиіс, ал кітапхана осы қызығушылықтың ошағы, осы қызықты кітап әлеміне жетелеуші орын болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев.
Ақмола облысының білім басқармасы ағымдағы жылдың 5 қарашасынан бастап (қараша-желтоқсан айларында) әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Ақмола облысының оқушылары мен студенттері арасында «Өнегелі кітап – өмірлік серігің» челленджі іске қосылады.
Челленджді өткізу аясында әрбір білім беру ұйымы оқушылар, студенттер, ата-аналар мен педагогтар арасында оқу сауаттылығын дамыту бойынша іс-шараларды (театрландыру, кітап көрмелері, буктрейлерлер, әдеби қонақжай, білім беру ұйымдары кітапханаларының тұсаукесерлері және т.б.)әр түрлі формада өткізеді. Өткізілетін іс-шаралар әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының балалар-ата-аналар чаттарында жүйелі түрде орналастырылуға тиіс.