Сайыстың негізгі мақсаты – нағыз өз мамандығының майталманын анықтау, яғни сайыс білім беру, мәдениет, әлеуметтік сала мамандары ұсынған жұмыстардың ең жақсысын таңдау, қатысушылар дистанционды түрде конкурсқа қатысып, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісе алады.
Сайысқа қатысушылар.
1. Конкурсқа кез-келген білім беру мекемесінің педагог қызметкерлері қатыса алады.
2. Қатысу жеке немесе біріккен болуы мүмкін. Бірлескен авторлар саны - екіден аспауы тиіс.
3. Конкурсқа қатысу ерікті.
4. Жіберілген жұмыстар пікірленбейді және қайтарылмайды. Көрсетілген негізгі талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды ұйымдастырушы комитет қабылдамауға құқылы.
Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі:
1. құжаттарды қабылдау 02.11. бастап - 20.11.2020ж. дейін
2. жұмыстарды тексеру 21.11.20ж.
3. дипломдарды жіберу 22.11.20ж. кейін
Сайыстың мәні мен мазмұны.
Сайысқа келесі бағыт бойынша бағдарламалар, сабақ конспектілері, әдістемелік әзірлеме, презентациялық жұмыстар қабылданады.
Сайыстың әзірленімдері авторлық, яғни Сайысқа қатысушының тікелей әзірлеуімен болуы тиіс. Материалдардың тақырыптамасына шектеу қойылмайды, алайда құжаттар білім беру сипатында болуы тиіс және жалпыға танылған ғылыми дәлелдерге, әдептік нормаларға және заңнамаға қайшы келмеуі керек.
Сайыс бағыттары мен номинациялары: «Авторлық бағдарламалар». «Факультативтік курс бағдарламасы». «Элективті курс бағдарламасы». Сабақ беру кезіндегі презентациялық жұмыс. Сабақтан тыс уақыттағы презентациялық жұмыс. Сабақ. Сынып сағаты. Сабақтан тыс іс-шаралар. Ашық сабақ Педагогикалық эссе. Әдістемелік әзірлеме Шығармашылық жұмыс. Педагогикалық портфолио. Мерекелер мен іс-шаралардың сценарийлері. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі. Заманауи сабақ. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі мереклік сценарий.
Ұйымдастырушылық төлемі 2000 теңге. Егер сіз бірнеше номинация бойынша қатысатын болсаңыз, онда келесі номинация үшін ұйымдастырушылық төлем – 1500 тенге. Егер жұмыс бірлескен автормен ұсынылатын болса, онда 3000тг төленуі керек.
А.Сыздыкова