"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БҒМ басшысы: қосымша білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталатынын сеніммен айта аламын

06.01.2021

"Әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы маңызды. Жақсы жаңалық хабарлағым келеді-жақын арада қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс жеке меншік ұйымдарда да орналастырылатын болады. Мұндай норма Парламент Мәжілісінде екі рет оқылған "білім туралы "ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қамтылған", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов бұл процесті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты деп атады.

"Яғни, кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен мектепке дейінгі мекемелер үшін ғимараттар мен үй-жайларды салады және жабдықтайды, ал мемлекет әрбір балаға мемлекеттік тапсырыс беру арқылы балабақшалар құрылысына ақша үнемдей отырып төлейді. Нәтижесінде жеке серіктестердің инвестициялары есебінен соңғы 10 жылда балабақшалар саны 10 есеге артты. Енді біз қосымша білім беруде де осындай тетікті қолданатын боламыз. МЖӘ қысқа мерзім ішінде балаларды үйірмелер мен секциялармен көп шығынсыз қамтуға көмектеседі", – деп атап өтті БҒМ басшысы.

 

Байзулгарипова Г. А.

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст