Текст
Қараша айында Ақмола облыстық білім басқармасы "Жыл отбасы" онлайн конкурсын өткізді. Бұл байқауға 16 аудан қатысты. Атбасар ауданының атынан сайысқа мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Адбрахманова Айым қатысты. Әбдірахмановтар отбасы-аудандық ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлер отбасы. Қатысу үшін отбасылық хобби, құндылықтар, жетістіктер, дәстүрлер көрсетілетін отбасы туралы бейнеролик ұсыну қажет болды. Сондай-ақ отбасылық фотоальбом жасау керек болды.
Осы байқаудың қорытындысы бойынша Абдрахмановтар отбасы құрметті бірінші орынға ие болды! Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 100.000 теңгеге сертификатпен марапатталды! Құттықтаймыз!
Сынып жетекшісі Жумаенова Г. Б.