Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2020 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында қашықтық «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау екі номинацияда «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» эсселер байқауы және «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшайрасы бойынша өткізілді.
Аталған байқауға облысымыздан Көкшетау қаласы Абай атындағы ( қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатынан 12 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер бағытында 8-сынып оқушылары Дулатова Алуа - II орын, Башарова Дарига – III орын, 11-сынып оқушысы Қапсалям Нұрәділет - II орынды иеленді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшайрасы бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Бердимурат Базарбай II орынмен мараптталды.
Сондай-ақ 8-сынып оқушысы Манапов Қымбат, 9-сынып оқушылары Кошкенова Томирис, Сулейменова Алинура, Балсеит Елдана, 10-сынып оқушылары Жұматай Саяна, Сулейменова Гульшекер, 11-сынып оқушылары Нурмуханова Динара, Сатыбаева Аружан алғыс хатпен мараптталды.
Жеңімпаздарымызда жеңістерімен құттықтаймыз!