Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9-11 желтоқсан күндері аралығында «Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық онлайн өнер байқауын» қашықтықтан онлайн режимде өткізді.
Байқау елімізде қалыптасқан қолайсыз пандемиялық жағдайға байланысты алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды.
Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 8-11 сынып оқушылары арасында 102 қатысушы қатысты. Оның ішінде облысымыздан 6 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
Байқаудың республикалық кезеңі Ережеге сәйкес 6 номинация бойынша өтті.
«Шешендік, білгірлік сайысы» - қазақ тарихы, мәдениеті фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу;
«Көркем сөз оқу» - поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді;
«Эссе жазу»;
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» - домбыра, қобыз, жетіген және т.б.;
«Ақындар айтысы»;
«Ақындар мүшәйрасы»
Байқаудың қазылар алқасы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдары мен ақын, жазушыларынан құралды.
«Ақындар айтысы» номинациясы Zoom платформасының көмегімен өткізілсе, «Эссе жазу» номинациясы Exam.net платформасы арқылы өтті.
«Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркемсөз оқу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар мүшәйрасы» номинациялары бойынша әр оқушы өзінің өнерін алдын-ала бейне таспаға түсіріп, YouTube-қа жүктеп сілтемесін жіберді.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып,
Ақмола облысынан «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша қатысқан М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрбек Серік жүлделі II орынды иеленді. Степногорск қаласы, «Болашақ» №4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жабай Жанбота грамотамен марапатталды. Жеңімпаздарымызда жеңістерімен құттықтаймыз!