"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

04.11.2020

     Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.

Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Үкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін – деп міндеттелген.

Әсіресе өкіметтің қабылданған қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен 2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі бағыттарындағы білім беру саласында мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті алға қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да қажет екендігі белгіленді.

Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін, политехникалық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жаңғырту міндетін қойып отыр.

Мектепте кәсіптік бағдар беруді ойдағыдай іске асыру үшін мұғалім оқушыларды таныстыра алатын кәсіптердің үлгі тізімін белгілейді және әрбір пәннің ерекшеліктерін еске алып, жалпы жоспар негізінде барлық мұғалімдердің күш-жігерін үйлестіріп отыру қажет.

Авторы Кусаинова С.Т.

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст