"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы

30.09.2020

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1895 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.

Омбы семинариясында оқып жүрген кезінде Сейфуллин, Жұмабаев, Досовтармен бірге "Бірлік" атты мәдени-ағарту ұйымын құрды. Ұйым мүшелері Ресей үкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, Омбы тұрғындарын қазақ халқының мәдениетімен таныстыру мақсатында әр түрлі кештер өткізіп тұрды.

1924-1929 жылдары ҚазАКСР Халкомкеңесiнiң төрағасы, 1931-1937 жылдары Бүкiлресейлiк ВЦИК хатшысының орынбасары және ВЦИК президиумы ұлттар бөлiмiнiң меңгерушiсi, есеп-ақпарат бөлiмiнiң меңгерушiсi сынды аса жоғары қызметтер атқарған.

Нұрмақов Ф.Голощекиннің қазақ даласында "Кіші Қазан төңкерісін" жасау керек деген арандатушылық пікіріне және халық малын тәркілеуге бағытталған шараларына үзілді-кесілді қарсы болып, оған ашық қарсы шықты. Ф.Голощекинмен арадағы пікір қайшылығы оның үкімет басшысы қызметінен босап, Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебіне оқуға жіберілуімен аяқталды. Көрнекті қоғам қайраткері 1937 жылдың қуғын-сүргініне алғашқылардың бірі болып ілінді. Мәскеу мұрағатының анықтамасына қарағанда Нұрмақов 1937 жылы 3 маусымда Мәскеудегі пәтерінде тұтқындалып, 27 қыркүйекте 42 жасында атылған. Қоғам қайраткері 1958 жылы тамызда ақталды.



Авторы Касымова Салтанат Тасболатовна

Просмотров: 896


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст