08.09.2020
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
«Мектепке дейінгі және орта білім: тәжірибе, мәселелер, шешімдер»
атты білім саласы қызметкерлерінің халықаралық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Бағыты: білім беру
Қатысушылар:Колледж, мектеп мұғалімдері, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 17 тамыз – 20 қыркүйек аралығы
Қорытынды уақыты: жұмыстар қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күн ішінде
- Байқау түрлері мен тапсырмалары:
- «Үздік сабақ жоспары» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
- «Ең үздік баяндама» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
- «Ең үздік мектеп» байқауы (бұл номинация бойынша ұжым жетістіктері мен мектепке берілген жоғары бағалар сарапталады. Қатысушы өз мектебінің жетістіктерін жазып жолдайды. Қосымша мектеп фотолары болуы шарт.)
- «Ең үздік сынып жетекші» байқауы (қатысушы мұғалім өзі жетекшілік ететін сыныбымен суретке түсіп, шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
- «Үздік директор – біздің көшбасшы» байқауы (қатысушы педагог өз мектебінің басшысының артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
- «Үздік меңгеруші» байқауы (қатысушы педагог өз балабақша басшысының артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
- «Ең үздік балабақша» байқауы (қатысушы өзі қызмет ететін балабақшаның жай-күйі мен жетістіктерін қағаз бетіне түсіріп, ұжым суреттерін қоса жолдайды.)
- «Ең үздік тәрбиеші» байқауы (қатысушы педагог өзінің және топтың жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
- «Үздік психолог» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
- «Үздік логопед» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
- «Үздік кітапханашы» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
- «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
- «Үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
А. Сыздыкова