"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НӘБИУЛЛИН ЖАНҒАЛИ

07.09.2020

НӘБИУЛЛИН ЖАНҒАЛИ - 1936 жылы ІЗ желтоқсанда бұрынғы Орал облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Орал қаласындағы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих-филология факультетін бітірген. Көп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының Орал өңіріндегі әдеби кеңесінде, Орал облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет істеген. Жаңақала, Бөкей Ордасы аудандарының, Орал қаласының Құрметті азаматы.

Ақынның тұңғыш өлеңдері 1961 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинаққа енді. Бірнеше өлеңдер кітабының авторы. Ең үздік өлеңдері 1977 жылы «Қазақ Совет поэзиясының антологиясына» енген. ҚР Құрмет Грамотасымен, Елбасының мақтау грамотасымен, Қазақстан Журналистер Конгресінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Ақ жаңбыр» (1968), « Таныс әуендер» (1969), «Ақ сөйле, жүрегім» (1970), «Орда - қаһармандар қаласы» (1972) , «Қас қағым» (1983), «Жырлайды жылдар» (1985), «Жоғарғы кернеу» (2001), «Жетінші перне»(2001-2003), «Алты томдық таңдамалы өлеңдер», «Шынығу шағы» (1984), «Алақайғы», (2002).

2015 жылы 79 жасқа қараған шағында көрнекті ақын Жанғали Нәбиуллин өмірден озды.

 

Авторы Кусаинова С.Т.

 

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст