Өмірбаяны: ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966-70 ж. Жамбыл облысында "Еңбек туы" газетінде, 1970-1973 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1973-89 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, 1989-91 жылдары "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер, 1991-96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында аға референт болып қызмет атқарған. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары.
Шығармалары: Шаханұлының алғашқы әңгімелері "Ақ теке" 1962 жылы "Балдырған" журналында, "Менің ағаларым" 1963 жылы қазіргі "Жас Алаш" газетінде жарияланған. "Ғашықтың тілі" (1973), "Ақ иірім" (1979), "Қаратаудың самалы" (1984), "Ночь в горах" (орыс тілінде, 1987), "Көрген түстей дүние" (1989), "Құса" (1992) атты кітаптары жарық көрді. Шаханұлы Әзірбайжан жазушысы Анардың "Ақ жағалау" атты повесі мен әңгімелер жинағын, нивхы жазушысы В.Сангидің "Қайырлы маусым" романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Республикасының құрмет Алтын кітабына есімі жазылған (1980). Ғашықтың тілі. Әңгімелер.1973; Ақ иірім. Әңгімелер мен повесть.1979; Қаратаудың самалы. Повестер мен әңгімелер. 1984; Ночь в горах.Повестер мен әңгімелер. 1987; Құса.Повестер мен әңгімелер.1991; Көрген түстей дүние. Әңгімелер. 1998.