26.11.2025
Аудандық «Үздік қазақ тілі мұғалімі» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Сая Тюлебековна қатысып, өзінің кәсіби деңгейін жан-жақты көрсетті. Сайыс барысында ұстаз Тұңғыш Президент күніне арналған ашық сабақ өткізіп, оқушыларға тарихи деректерді талдау, тыңдалым арқылы ақпаратты анықтау және жаңа сөздерді меңгеру бағытында тиімді тапсырмалар ұсынды.
Сабақ құрылымы бірнеше кезеңнен тұрды:
– тарихи ақпараттың дұрыстығын белгілеу;
– QR-код арқылы мәтінді тыңдау;
– мәтіннен мезгіл үстеулерін табу;
– жаңа сөздермен жұмыс.
Бұл тапсырмалар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, тарихи оқиғаларды терең түсінуге және өз ойын нақты жеткізуге мүмкіндік берді. Сая Тюлебековна заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың әр кезеңін мазмұнды әрі қызықты түрде ұйымдастырды.
Байқауда Кусаинова Сая Тюлебековна өз пәніне деген сүйіспеншілігін, әдістемелік біліктілігін және педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Ол оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді жұмыс жүргізді.