"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көркем өрнек орындау» көркем еңбек сабағы

26.11.2025

25 қараша күні 7 «Б» сыныбында «Көркем өрнек орындау» тақырыбында көркем еңбек сабағы өтті.
Сабақты мұғалім Мадешева В.М. қысқамерзімді сабақ жоспары негізінде ұйымдастырды.
Оқушылар гжель өрнегінің ерекшеліктерімен танысып, бұйымдардың үлгілерін қарастырып, өрнектің айрықша элементтерін анықтады. Талқылаудан кейін оқушылар дайын композицияны қағаз тәрелкелерге түсіріп, көк түстің түрлі реңктерін пайдалана отырып, орталық элементті кезең-кезеңімен бейнелей бастады.
Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылар жұмыстарын бір-бірімен алмастырып, қысқа кері байланыс берді және «Табыстың баспалдығы» арқылы өз жетістіктерін бағалады. Сабақ шығармашылықпен, танымдық тұрғыда өтіп, әр оқушыға сәндік-қолданбалы өнерде өзін сынап көруге мүмкіндік берді.

Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст