30.10.2025
Ілияс Есенберлин — қазақтың әйгілі жазушысы, тарихи роман жанрының негізін қалаушы. Ол қазақ халқының өткен тарихын көркем тілмен суреттеп, ұлттық рухты жаңғыртқан тұлға.2025 жылы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толды. Осы мерейтойға орай Қазақстанның барлық өңірлерінде әдеби кештер, конференциялар, көрмелер мен кездесулер ұйымдастырылды.Атбасар қаласында жазушының туған жерінде ескерткішке гүл шоқтары қойылып, мұражайда көрме өтті. Алматы қаласында Ұлттық кітапханада “Көшпенділер рухы” атты әдеби шара және шығармалар көрмесі өткізілді.Ілияс Есенберлиннің ең танымал еңбектері — «Көшпенділер» және «Алтын орда» трилогиялары. Бұл шығармалар қазақ халқының ерлікке толы тарихын, тәуелсіздік жолындағы күресін бейнелейді.Жазушының 110 жылдық мерейтойы — қазақ әдебиеті мен тарихын қастерлеудің, ұлт рухын дәріптеудің айғағы.
Қазақ тілі мұғалімі:Бектыбаева А.А.