Текст
29.10.2025
Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде 4 «Г» сыныбында күзгі каникул кезінде жоспарға сәйкес «Барлық мамандықтар маңызды және қажет» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара «Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық» құндылықтары аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстырып, олардың қоғам өміріндегі маңызын көрсету.
Оқушылар қызығушылықпен мамандықтарға қатысты жұмбақтар шешіп, пазлдар құрастырды және әр мамандықтың адамдарға пайда әкелетінін білді.
Іс-шара достық әрі танымдық атмосферада өтіп, балаларға әр адамның еңбегін құрметтеу керектігін ұғынуға мүмкіндік берді.