"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмолалық оқушылар Республикалық III «Абайтану» олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

26.01.2021

Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 2021 жылдың 23-24 қаңтар аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде III «Абайтану» олимпиадасы онлайн режимде өткізілді.

Ережеге сәйкес олимпиада 2 айналымнан тұрды.

1-ші айналымда қатысушылар Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазса, 2-ші айналымда Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты «сократтық» сұрақтар арқылы жалпы білімін, логикалық ойлау деңгейін тексеру; Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау; Абай іліміне оқушы көзқарасы; Абайтанушылар арқылы баланың ізденісін, берілген сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын тексеру жұмыстары өткізілді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Целиноград ауданы, Софиевка ауылы №21 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Универқызы Айым жүлделі I орын;
Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Әбдрахим Көркем II орын;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Балсеит Елдана  - II орын;
Бұланды ауданы, Никольск ауылы, Елтай орта метебінің 9-сынып оқушысы Төлеу Елік – алғыс хат;
Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Батталова Мақпал – алғыс хат;
Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қойкен Ұлпан – алғыс хат;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Билялова Алика – алғыс хат;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла – алғыс хат;
Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 9-сынып оқушысы Малчыбай Айсулу –алғыс хат.

Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст