Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қаржыландырудың біркелкі еместігін және өңірлердегі білім беруді басқарудың қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін атап өтті. Ол білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды, сол арқылы білім берудің әрбір деңгейі үшін қаржыландырудың ерекше тәртібін енгізуді тапсырды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру саласындағы функциялар аудандық, қалалық деңгейден облыстық деңгейге берілді.
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық коммуналдық мүлікке 762 білім беру ұйымы қабылданды.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының білім беруді басқару органы болып табылады. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері облыстың білім басқармасына есеп беруге және бақылауға алынды.