"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жауһар» Даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары арасында төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады

19.11.2020

“АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ” (Көркем жазу: Ақынның кез келген қара сөзінен үзінді көшіріп жазу. Бір беттен аспауы қажет.)

 

ӨЛЕҢ: (Ақындық қабілеті бар қатысушы өз қиялынан қиыстырып (1-2 шумақтан аспауы тиіс) әзіл өлең шығарады. Өлең ерекше қызықты болуы керек.)
СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: “Менің жанұям” (Тақырыпқа орай сурет салу. Сенің көзқарасыңдағы Қазақстан жастары қандай? Қалай суреттейсің? Қарап салуға болады.
ҚОЛ ӨНЕР БОЙЫНША: “ШЕБЕР ҚОЛ” (Технология пәнінде жасалған жұмыстарды бағалаймыз. Өз қолыңмен жасалған ең үздік деп тапқан жұмысыңды суретке түсіріп, бізге жолда;)
ЭССЕ:  “Моя семья” (Аталған тақырыпта қатысушыларымыз орыс тілінде.)
ЭССЕ: “My family” ( Эсседе қатысушыларымыз ағылшын тілінде)
ЭССЕ: “ӨЗІҢДІ ТАНУ - ӨЗІҢДІ БАҒАЛАУ” (Сен өзіңді қандай мінезді адаммын (ұялшақ, пысық, ашушаң, еріншек, досшыл т.б.) деп ойлайсың? Қандай адами құндылықтарды бағалайсың?)
ЭССЕ: “БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ”(Өзіңе үлгі қылған тұлға туралы. Оның қай ісі, несі үлгі? Адами қасиеттері туралы не айтасың? Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
“ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ” (Ақындық қабілеті бар қатысушылар жаны қалаған тақырыпқа өлең шығаруы керек. Шынайылығы, көркемдік теңеуі, буын санына қарай өлеңнің ұйқастығы ескеріледі;)
“ӘКЕ АРМАНЫ” (Әкеңмен қарым-қатынасың қандай? Әкең қандай адам? Ол сен (балалары) туралы нені армандайды? Сенің (балаларының) келешекте кім болғанын қалайды?)

Байқауға қатысу үшін triada.18@mail.ru электронды мекен-жайына өтініш беріп, осы конкурс ережесінде көрсетілген жарна бойынша  ақы төленуі қажет.

 

Байқауға қатысу жарнасы 700 теңге Qiwi Кошелек Номер: +77755915550; АО Kaspi Bank (Gold)

Номер телефона: 8707 6750320

А.Сыздыкова

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.11.2020 16:46
Құрылған күні: 19.11.2020 16:46

Текст