"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика пәні мұғалімдеріне және балақша тәрбиешілеріне арналған «ПедСтарт» қашықтықтан олимпиадасының ақпараттық хаты

13.11.2020

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 4-5 қараша күндері «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасына (бұдан әрі-Олимпиада) қатысу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика пәні мұғалімдеріне және балақша тәрбиешілерін шақырады.  Олимпмиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуды арттыру. Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етеді; компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіреді; оқытудың дәстүрлі және компьютерлік әдістерін ұштастыру есебінен білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша - 4 қараша күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Математика және мектепке дейінгі оқыту пәндері бойынша (балабақша тәрбиешілері үшін) – 5 қараша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz  сайтына тіркеліп, нұсқаулыққа сәйкес форманы толтыру қажет (нұсқаулық берілген).

Олимпиада тапсырмалары daryn.kz 4-5 қараша күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) онлайн-жобалар мәзірінде қолжетімді. Кезеңнің өту мерзімі- 60 минут.

Олимпиада қорытындысы бойынша сіздің жеке почтаңызға сертификаттар, сондай-ақ Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін "Дарын" РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдары жіберіледі.

Олимпиада Ережесімен www.daryn.kz сайтында танысуға болады.

А.Сыздыкова

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.11.2020 15:05
Құрылған күні: 13.11.2020 15:05

Текст