"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу

12.09.2022

Жыныстық қол сұғылмаушылық – адамды кез келген заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын жеке қол сұғылмаушылықтың құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір адамға және азаматқа оның құқықтары мен бостандықтарының, оның ішінде жыныстық бостандық пен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық құқықтарының қорғалуына кепілдік беріледі. Тұлға аралық қарым-қатынас мәселелері бойынша кәмелетке толмағандар арасында қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 9 қыркүйегінде №3 ЖОББМ-де дәрігер-гинеколог В.И.Ирченко және психолог Г.С. Жақсылықова әңгімелер өткізілді. 8-11 сынып қыздарымен жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу бойынша, жас жігіттермен жыныстық қол сұғылмаушылық бойынша. Әңгіме барысында мамандар мектеп оқушыларына жыныстық жетілудің белгілері, уақыты мен қарқыны, ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуіндегі айырмашылықтар туралы айтып берді. Оқушылар жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс түрлерімен, сондай-ақ осы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікпен таныстырылды.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.09.2022 08:57
Құрылған күні: 12.09.2022 09:19

Текст