"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандық орта мектеп және гимназия ұстаздары арасында өздерін таныстыратын «Don"t worry, be a teacher» конкурсын өткізу жайында

10.09.2020

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.

Конкурс онлайн оқуды қолдауды, ұстаздарға шығармашылық және креатив тұрғысынан шабыттанып, ақпаратты жеткізудің жаңа әдісін ізденуге көмектесуді, сандық жүйені насихаттап, кадрдағы (онлайн) жұмысты оқушылармен бір толқында жеңіл әрі үйреншікті етуді көздейді.

Республикалық конкурсты ұйымдастырушы – «Express Publishing» баспасы мен «Edu Stream» оқу орталығы.

2.МАҚСАТ: Қоғамда ұстаз беделін насихаттау, мұғалімдерді жаңа қырынан ашу, нақты айтқанда олардың баурап алатын сымбатын, ашықтығы мен озықтығын паш ету.
Кез келген адамды бей-жай қалдырмайтын оқиға арқылы ұстаз бен оқушыны жақындату.  

3. КОНКУРС МАЗМҰНЫ

Қатысу үшін мұғалім өзі, онлайн сабаққа дайындығы, жаңа уақыт талабындағы тәжірибесі, каникул және т.б. жайлы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик не сэлфи-бейне түсіруі керек. Шығармашылдық, қалжың, бірегейлік құба-құп.

Тақырыптар:
Don't worry, be a teacher
Онлайн әңгімелесу – заманға сай;

Онлайн сабақтағы шығармашыл амал;

Онлайн сабақта бала көңілін қалай аулаймыз;

Заманымен етене ұстаз;
Ғаламторды не үшін жақсы көремін?

Неге мен ұстаз болдым?

Жұмыста нені жақсы көремін?
Каникулда сүйікті оқушыларыма жаңа бағдарлама дайындаймын;

Ұстаз болу қанымда бар;

Педагог болу – Борышым;

Ұстаздығыммен мақтанамын;

Каникулдағы мұғалім.

 

Сыздыкова А.

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст