Текст
2025 жылғы 2 мамырда №3 орта мектепте «Жасөспірім» акциясы аясында 10-11 сынып оқушыларына арналған жиын өткізілді. Сынып жетекшілері Иржанова Б.Е. мен Закусилова К.П. оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу туралы ақпаратты тағы бір мәрте түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға әдеп сақтау және құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салды. Педагог-психолог Штефан О.Р. буллингтің алдын алу бойынша әңгіме өткізіп, сенім телефонын да еске салды.