2023 жылғы 31 тамызда "№3 ЖББМ" КММ "2023-2024 оқу жылына сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында 1-11 сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, 51 сынып жетекшісі, психологтар, әлеуметтік педагог, тәлімгерлер, пән мұғалімдері.
Күн тәртібі:
1.2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жаңа тұжырымдамасын түсіндіру.
2.Сынып жетекшілерінің 2023-2024 оқу жылына арналған ӘБ жұмысының жоспарын бекіту.
3.2023-2024 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу.
4.Сынып жетекшісінің функционалдық міндеттері.
5. Терроризмге қарсы қауіпсіздік және оқушыларды қорғау, ұжымның ұйымшылдық пен қырағылықты арттыруға, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындығын арттыруға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-қимылдары туралы нұсқама беру.
5.Әртүрлі сұрақтар.
Ионина Ю. А., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары