Текст
Жазғы математикалық мектеп аясында 5–6-сынып оқушылары математика әлеміне қызығушылықпен әрі белсенді түрде терең бойлап жатыр.
Сабақ барысында оқушылар ауызша есептеудегі пайыздарды қайталап, «Бұрыштар» тақырыбы бойынша білімдерін қайталады, сондай-ақ шеңберлік диаграммаларды құру мен талдау тәсілдерін еске түсірді. Тапсырмалар ойын және тәжірибелік формада ұсынылғандықтан, оқу процесі әрі қызықты, әрі пайдалы болды.
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жұптасып жұмыс істеді, қорытынды жасап, нәтижелерді бірге талқылады. Мұндай сабақтар өткен материалды бекітуге ғана емес, сонымен қатар математикалық ойлау қабілетін, логиканы және зейінділікті дамытуға септігін тигізеді.
Математика пәнінің мұғалімі: Шаншарова А.А.