Текст
29 наурыз күні 1 «А» сыныбында «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбында өз денсаулығына құндылық көзқарасты және зиянды әдеттерге теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған сынып сағаты өтті. Сынып сағатында әңгіме жүргізіліп, «Сенің денсаулығың» атты презентация ұсынылды. Презентацияда салауатты өмір салтын сақтау ережелері, дұрыс тамақтану туралы ақпарат берілді. Сабақ соңында оқушылар дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар жеңеді деп қорытындылады. Одан кейін спорт туралы суреттер салды.