Желтоқсанның 10-шы жұлдызы күні №3-ші ОМ-нің «Қошақан» қазақ шағын-орта тобында Жақыбаева Нұржамал Советовна ұйымдастыруымен «Отбасы-шағын Отан»тақырыбына жобалық іс шара өткізілді. Жоба «тәрбиеші ,ата-ана, бала» көлемінде жүргізілді. Жоба ІІІ-кезеңге бөлінді.
Жоба түрі: қысқа мерзімді.
І-кезең: Менің отбасым.
ІІ-кезең: Отбасына тарту отбасы мүшелеріне арналған тақпақтар
ІІІ-кезең: Отбасы шығармашылығы.
Жоба мақсаты:
Отбасы мен шағын-орталықтың тығыз байланысы аркылы балалардың тіл дамыту денгейлерін арттыру.
Жоба қатысушылары: Садыковтар отбасы , Сатыбаевтар отбасы, Толеубаевтар отбасы.
Жоба өте тартымды да, тәрбиелік мәні мол, балалардың қызығушылықтары арта түсті.
Жоба нәтижесі: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.
Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Жоба қортындысы: отбасы иелері мен балалар - мадақтау қағазы, дипломдармен марапатталды және тәттілер таратылды. Жоба жоғары деңгейде өтті.