Текст
2025 жылғы 22 тамыз жазғы математика мектебі аясында 6-сынып оқушылары білімдерін тереңдетіп, негізгі математикалық дағдыларын нығайтуды жалғастыруда.
22 тамыз күнгі сабақта оқушылар «Пайыздар» тақырыбын қайталап, математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептерді шешті. Сабақ барысында оқушылар алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдануға машықтанып, есептердің шарттарын талдап, есептеулер жүргізіп, жауаптарын дәлелдеуді үйренді.
Сабақ белсенді әрі танымдық сипатта өтті.
Математика пәнінің мұғалімі: Шаншарова А.А.