26 қараша 2019 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар шеңберінде ашық сабақтар көрсетілді, онда педагогтар заманауи әдістер мен тәсілдерді, шығармашылық тапсырмаларды, жаттығулардың әр түрлерін және жұмыс түрлерін қолдануды көрсетті. Сабақта жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланылды, бұл оқушылардың пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Мұғалімдер таңдаған барлық әдістер тек қана зерттеуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы тақырыптарды қаншалықты меңгергенін бақылауға мүмкіндік берді. Ашық сабақтарда мұғалімдер формативті және критериалды бағалаудың қолдануын көрсетті. Семинар өз мақсатына жетті. Қатысушылар оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін және педагогтардың кәсібилігін атап өтті.
Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Смагулова А. А.