Текст
29-30 мамыр күндері "Локомотив" қалалық стадионында 2004-2005 жылы туған Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында "Жастар" облыстық Спартакиадасы шеңберінде футболдан спорттық жарыстар өтті. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы дене шынықтыру, спорт және АӘД ОӘО директоры А. А. Ермұханов, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Г.Н. Наймушина құттықтау сөз сөйледі. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Атбасар ауданының командасы иеленді. Жаттықтырушы Е. Ж. Тайлакбаев кубокпен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ю. А. Ионина