Екі күн бойы Ақмола облысының үздік педагогтары өздерінің кәсібилігі мен құзыреттілігін көрсетті.
Облыс мұғалімдерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 16-17 мамыр күндері Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» орта мектеп-гимназиясы базасында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог – 2019» облыстық конкурсы өтті.
Конкурс «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы және «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 29 наурыздағы№ 98 бұйрығы негізінде өткізілді.
Конкурсқа облыстың 19 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, сондай-ақ 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептен 24 педагог қатысты.
Подробнее на сайте http://aqmoedu.gov.kz/news/open/id-250080
Костиков В.В.