Атбасар қаласының № 3 жалпы орта мектебінде, Сәкен Жүнісовтің өнегелі ғұмыры атты адалдық сағатына орай 5-11 сыныптарға арнайы сынып сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағаты оқушыларды өнегелі, тәрбиелі , адал ұрпақ болып қалыптасуына деген қызығушылықты оятып, білім деңгейлерін арттырды.
Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 8-12 қараша аралығында қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін «Сәкен-сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті «Адалдық сағаты» өтті.
Сәкен сері өз заманындағы әділетсіздікті туындыларына арқау етіп, көрсете білген. Оның ұлттық өнерге, салт-дәстүрге, елге, жерге мен ана тілге деген махаббаты «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері» романдары мен «Заманай мен Аманай» повесі сияқты үш ірі туындысынан байқалады.
Сәкен Жүнісов сияқты қазақ халқының біртуар тұлғалары қазіргі жастар үшін үлгі болып табылады. Қазіргі ұрпақ адалдықтың ақ жолымен жүріп, халық перзенттерінен ұлтын сүюді, еліне адал қызмет қылуды үйренсе, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.