2025 жылғы 29 қыркүйекте Атбасар қаласының 180 жылдығына арналған шахмат жарыстары жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қала мектептерінен келген оқушылар белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
№3 мектеп оқушылары да бұл сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
1 орын – Оңдасын Айзада мен Бостыбаева Камила, өздерінің терең ойлау қабілеті мен ойын стратегиясы арқылы қарсыластарынан озып шықты.
2 орын – Повышев Александр сенімді ойынымен көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды.
Шахмат – тек спорт түрі ғана емес, ол – логика, шыдамдылық пен тәртіптің мектебі.
Жарыс барысында оқушылар өздерінің зияткерлік деңгейін, тәртіптілігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсете білді.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да табыс, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!