Текст
4 «Б» сынып оқушылары дене шынықтыру сабақтарында жаттығуларды қуана орындап қана қоймай, өздерін мұғалім рөлінде де байқап көріп жүр!
Оқушылар сергіту сәттерін кезекпен өткізеді: жаттығуларды көрсетіп, сыныптастарының дұрыс орындауын қадағалап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Мұндай тәсіл балалардың белсенділігін, сенімділігін және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ал сыныптастары жүргізген сергіту сәттері көңілді әрі жігерлі өтеді!
Қозғалыс — қуаныш!
Денсаулық — маңызды!