Текст
    
                                
            
                03.07.2025
        3 шілде күні мектебімізде «Оқитын мектеп"
 жобасы аясында жазғы каникул кезінде балалардың оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған кезекті іс-шара өтті. Оқушылар әдеби викториналарға қатысып, дауыстап кітап оқып, сүйікті шығармаларын талқылады.
Іс-шара келесі бағыттарда оң әсерін тигізді:
оқырман мәдениетін қалыптастыруға;
оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге;
ауызекі сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға.
Мұндай кездесулер жаз мезгілінде балалардың оқу белсенділігін сақтап, демалыс уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге септігін тигізеді.
Клименко Н.С.