Текст
«Оқитын мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында жазғы кезеңде балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Мектеп жанындағы жазғы лагерьде оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылған.
«Оқитын мектеп» жобасы тек бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісін жеңіл әрі қызықты формада жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл балалардың жазғы каникул кезінде де оқу белсенділігін сақтап, олардың ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізеді.
Клименко Н.С.