"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«BALA QORǴAÝ» телеграмм-чаты балалардың құқығы бұзылған жағдайларды жедел шешуге мүмкіндік береді

23.11.2020

 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде "BALA QORǴAÝ" телеграмм-чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды. Кәмелетке толмағандарға қатысты балалардың құқығын бұзу, зорлық-зомбылық немесе қатыгез қарым-қатынас фактілерін жедел анықтау мақсатында 2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде "BALA QORǴAÝ" телеграмм-чат жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады. 

Тек осы жылдың көлемінде министрлік өкілдері чатқа келіп түскен 2 мыңнан астам азаматтың өтініштерін қарастырған.

"Әрбір жағдай барлық мән-жай анықталып, мәселе толық шешілгенге дейін біздің бақылауымызда болады. Енді қазақстандықтар қажет болып тұрған көмек туралы шұғыл хабарлап, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Осылайша, ҚР БҒМ мамандары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер басшылары, облыстық білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері басшылары, психологтар мен әлеуметтік педагогтер бірлесе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың отбасыларының өтініштерін тәулік бойы қабылдайды.    Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының ішінде "bala_qorgau" сөзін теру немесе https://t.me/bala_qorgau сілтемесі бойынша өту қажет екенін естеріңізге саламыз.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.11.2020 12:23
Құрылған күні: 23.11.2020 12:23

Текст