"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған күнделікті ұсыныстар

22.10.2021
  1. Қызыңға және ұлыңызға күнделікті “адамдарға сенімен жеңіл болуы кереек” деп  айтып отырыңыз. Күнделікті қайталап отырудан қорықпаңыз.
  2. Балаңызға ұрысқан кезде “Сен үнемі”, “Сен мүлде”,  “Әрқашан сен”  деген сөздерді қолданбаңыз. Сіздің балаңыз әрқашан тәртіпті, тек бүгінгі күні ғана осындай жағдай орын алды, солай деп балаңызға айтыңыз.
  3. Балаңызбен ұрыс кезінде дереу өз шаруаларыңызға кірісіп кетуге асықпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып, содан кейін ғана шаруаларыңызға кірісіңіз.
  4. Балаңыз үйге жақын болуы үшін “дегенмен де үйде болған қалай тамаша” деп үйіңізге келген кезде айтуды ұмытпаңыз.
  5. “ Сен жақсысың” деп балаңызды көбірек мақтаңыз.  
  6. Біздің балалармен айтатын әңгімелеріміз көбіне жай ғана сөздерден тұрады, сондықтан да балаларыңызбен (жасөспірімдермен де) күнделікті жақсы кітаптар оқыңыз, ол рухани әңгімелеріңізді байытады.
  7. Балаларыңыз өзінікін әрқашан дұрыс емес деп ойламауы үшін, арасында балаңыздікін дұрыс деп қабылдаңыз. Осы арқылы балаңызға жол беруді және қателіктерді мойындауды үйретесіз.

 

Және де мен баланың сабаққа дайындық кезеңінде ынтасы жойылмас үшін қолданылатын ұсыныстарда тоқталғым келеді.

 

1 Шектен тыс талаптар қоюдан аулақ болыңыз. Балаңыздан дереу барлығын сұрамаңыз. Сіздің талаптарыңыз баланың жетілу деңгейіне және танымдық қасиеттеріне сай болуы керек. Жауапкершілік және ұқыптылық секілді маңызды және қажетті қасиеттер бір мезетте пайда болмайтынын ұмытпаңыз.  Бала өзін басқаруды және өз қызметін ұйымдастыруды енді ғана үйреніп келеді және осы кезде балаға үлкендерден қолдау, түсініспеншілік және құптау қажет.

2 Қателесу құқығы. Бала қателесуден қорықпауы маңызды. Егер баланың қолынан бірдеңе келмей жатса, оған ұрыспаңыз. Әйтпесе бала қателесуден қорқып, қолынан ештеңе келмейді деген ойда болады. Тіпті үлкен адамда бір жаңа нәрсе үйреніп жатқан кезде барлығы ойдағыдай болмайды. Егер қатені байқаған болсаңыз, оған назар аударып түзетуді ұсыныңыз. Және  міндетті түрде балаңызыд мақтаңыз. Әрбір тіпті кішкене болсын жетістігі үшін мақтай түсіңіз.

3 Балаңыз үшін ойланбаңыз. Балаңызға тапсырмаларын орындауға көмектескен кезде барлығын ол үшін орындамаңыз. Әйтпесе бала өз қабылетімен еш нарсе жасай алмаймын деген ойда қалады. Ол үшін ойланып, тапсырмаларды орындамаңыз әйтпесе бала тез арада оған еш нәрсе жасамай-ақ, ата-анасы барлығын шешіп береді деген ойда болады.

4 Ең алғашқы қиындықтарды жіберіп алмаңыз. Балаңыздың кез келген қиындықтарына назар аударып және қажет болған жағдайда мамандарға жүгініңіз. Егер балаңыздың денсаулығында қиындықтар болса, оны емедеп жазумен  айналысыңыз, себебі болашақ оқу жүктемелері балаңыздың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Егер балаңыздың тәртібінде сізді алаңдатарлық жағдай байқасаңыз, қысылмай психологтың кеңесіне жүгініңіз. Егер балаңыздың сөйлеуі бұзылған болса, рнда логопед маманына жолығыңыз.

5 Мерекелер ұйымдастырыңыз. Міндетті түрде шағын мереке ұйымдастырыңыз. Ол үшін сылтау ойлап табу аса қиындық туғызбайды. Балаңыдың жетістіктеріне қуаныңыз. Балаңыздың көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі болсын.

 

Дайындаған педагог-психолог



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.10.2021 09:21
Құрылған күні: 22.10.2021 09:21

Текст