Текст
22-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары арасында «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты онлайн республикалық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Бұл байқауға 5–10-сынып өзге ұлт оқушылары қатысып, өздерінің тілдік білімдерін, ой-өрістерін және қазақ тіліне деген құрметтерін көрсетті.
Шара барысында оқушылардың қазақ тілін жетік меңгеру деңгейі мен логикалық ойлау қабілеті бағаланды. Олимпиада нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.