Текст
08.12.2025
8 желтоқсан күні мектептің жұмыс жоспарына сәйкес «Жоғары сынып оқушылары клубы» өткізілді. Оның аясында «Құқықтар мен міндеттер: жауапкершілік аймағы» атты іскерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, шешім қабылдау дағдыларын дамыту және түрлі өмірлік жағдайларда жеке жауапкершілікті сезіну.