"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аймақтық жоғары оқу орындары нақты критерийлер бойынша іріктелетін болады – министр Асхат Аймағамбетов

03.02.2021

Қазақстанда 15 аймақтық жоғары оқу орны дамытылады. Олар нақты критерийлер бойынша іріктеп алынады. Аталған жоғары оқу орындары дарынды жастарды жинайтын өңірлік орталықтарға айналмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік жоғары оқу орнын іріктеп аламыз. Осы университеттер арқылы өңірлердегі білім сапасын арттыру үшін нысаналы қаржы бөліп, оларды жаңа зертханалармен қамтамасыз етеміз. Ол оқу орнындарында жаңа білім бағдарламалары да ашылады. Сонымен қатар сапасыз жоғары оқу орындарын жабу бойынша жұмыстар да жалғасын табады», – деп атап өтті министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі күшейтілді. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген болатын. Енді академиялық және басқарушылық еркіндік қазақстандық колледждерге де беріледі.

«Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге, білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сол арқылы түлектер тезірек жұмысқа орналаса алады», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Колледждерге академиялық еркіндік беру – кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз етіп, оқу орындарының жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімдері мен траекториясын айқындауға мүмкіндік береді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 10:16
Құрылған күні: 03.02.2021 10:16

Текст